Меню KDT

ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудандық "Ұлыстың Ұлы Күні Наурыз мейрамы "

Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің,  бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.

Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным  ұғымдарының үлгі түрлері өте көп.

Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек.Наурыз мерекесіне тән — көпшілікке наурыз көже даярланады, ол тағам жеті түрлі дәмнен даярлануы шарт. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін  ішім-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар.




Мерекелік дастарқанға орталық мешіттен ақсақалдар және ауыл қариялары шақырылды. Шақырылған қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары дайындалып Наурыз көже ұсынылды. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері Қабдуалиев Д.Б. және Оқас Амангелді Наурыз мерекесіне орай бабамыздан қалған асыл мұра Айтыс өнерін келген қонақтарға тарту етті.








Ұлыстың Ұлы күніне арналған "Наурыз мейрамы" атты мерекеге қатысып, Кішкенекөл №2 ішінара интернатты орта мектебі "Киіз үйлер" байқауында ІІІ жүлделі орынға және ақшалай сыйлыққа ие болды.


Просмотров: 569

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Қысқы кезеңдегі температуралық режим

КММ "Кішкенекөл №2 ішінара интернатты орта мектебі" директоры Сайткен Медет Нұрғалиұлы

Опрос

Статистика

  • Осы айда18
  • Осы аптада7
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Пайдалы сілтемелер