Меню KDT

ЖАҢАЛЫҚТАР

"Біз Жеңістің ұрпақтарымыз" атты салтанатты сапты жиын

Мектебімізде мамырдың 6-сы күні Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай биология пәнінің мұғалімі Тасмаганбетова Гүлден Тлеуғабылқызы мен тарих пәнінің мұғалімі Аяганов Мұхамед Құсайынұлының ұйымдастыруымен "Біз Жеңістің ұрпақтарымыз" атты салтанатты сапты жиын өтті. Алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Сайткен М.Н. бастады. Одан кейін салтанатты жиынға шақырылған қонақтың бірі Ұлы Отан соғысының ардагері Мұқашев Аусағит атамыз сөз алып Ұлы Жеңістің 72 жылдығымен құттықтай отырып кейінгі жас ұрпаққа өз батасын берді.
Жиын өте тартымды, мазмұнды, тәрбиелік мәні өте зор, жан-жақты шебер ұйымдастырылған. Оқушылардың екі тілде мәнерлеп оқыған өлеңдері адамның 62 тамырына қан жүгіртіп, көзге жас ұялатты. "Тырналар" әніне оқушылар көрініс қойып, артынан би билеп жиынды жандандыра түсті. Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерді еске алып 1 минут үнсіздік жарияланды. Жиын соңында Болат Ескендиров ағамыз "День Победы" әнімен аяқтады.








Просмотров: 377

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Қысқы кезеңдегі температуралық режим

КММ "Кішкенекөл №2 ішінара интернатты орта мектебі" директоры Сайткен Медет Нұрғалиұлы

Опрос

Статистика

  • Осы айда19
  • Осы аптада7
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Пайдалы сілтемелер