Меню KDT

ЖАҢАЛЫҚТАР

1 сынып оқушылары жаңартылған жүйемен білім алады

   Бірінші сынып пән мұғалімдермен «Бастауыш сынып пәндері бойынша критериалды бағалау және оқытуды жоспарлау» тақырыбында коучинг өтті.
   Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. «Бастауыш сынып пәндері бойынша критериалды бағалау және оқытуды жоспарлау» тақырыбында  бағалау және жоспарлау әдіс-тәсілдері анағұрлым толық қарастырылды. Кездесуде ББЖБ кезеңдері, модерацияны өткізу ережелері тағы да еске түсірілді, себебі бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне енді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. 
   Сонымен қатар педагогиканың түрлі аспектілері қарастырылды: қарым-қатынас жасау дағдылары (мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, дәлелдеу), белсенді оқу, зерттеуге негізделген оқу. Пән мұғалімдердің пікірінше сабақтарының өзі біз үйреніп қалған стандартты дүние емес, сыни тұрғысынан балалардың функционалды сауаттылығын ашу, оны қалыптастыру деген осы бірінші сыныптан басталады.
                                                                 Мектеп үлестіруші: А.А. Шаимова








Просмотров: 448

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Қысқы кезеңдегі температуралық режим

КММ "Кішкенекөл №2 ішінара интернатты орта мектебі" директоры Сайткен Медет Нұрғалиұлы

Опрос

Статистика

  • Осы айда18
  • Осы аптада7
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Пайдалы сілтемелер